Автор
Қанағат әкелі Махаббат

- Кітап
- «Өлсемде өзім қалсын сөзім»
- Мазмұны
- Өлеңдер, шежіре жырлары мен әңгімелер
- Жинақтаған
- Радолда Едіге
- Жылы
- 2026
- Көлемі
- 13 тарау · 1212 жол өлең
Автордың қорытынды сөзі
Осы мен тоқтата тұрайын. Жеті атаны өздерің ары қарай толықтап жазып аларсыңдар. Артық-кемі болса кешірім сұраймын.
Шама-шарқымша жазған болдым. Көз ашық, көкірек ояу, оқыған менен ойлағанда, ішпен сыртқа жүрген нәрсені көрген, оқып-тоқыған, келешекке ой жүгірте ұмтылатын талапты жас түлектерім — асар асуларың алда, келешекке самғай ұшударыңды тілеймін.
Ойлаған арман-мақсаттарыңа жетіңдер, қанаттарың талмасын! Заңғардан заңғарға жетіңдер, жастарым.
Басында менің әкем айтып, Жіксал ағамыздың жазғанын өздеріңе жібергем болатынмын, соған қарап оқып танысыңдар. Біраз қателер болуы мүмкін, кешіріммен дүзетіп оқуларыңды тілеймін, ардақты да аяулы менің туыстарым.
Ойлаған ой арман-мақсаттарыңа жетіңдер. Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін, бақыттың б азарында, Алланың назарында болыңдар.
Бір Аллам жар болсын баршаңызға, сәлем.
Жазған: Қанағат ұлы Махаббат
Авторы жазған
Кіт ап туралы
Бұл сайт «Өлсемде өзім қалсын сөзім» кітабының толық сандық басылымы. Мәтін кітаптың қолжазбасынан алынған, өзгертілмеген. Кітап тегін таратылады, тіркелудің қажеті жоқ.