Қорытынды
Қорытынды сөз және автор туралы
104 сөз1 сурет
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
Осы мен тоқтата тұрайын. Жеті атаны өздерің ары қарай толықтап жазып аларсыңдар. Артық-кемі болса кешірім сұраймын.
Шама-шарқымша жазған болдым. Көз ашық, көкірек ояу, оқыған менен ойлағанда, ішпен сыртқа жүрген нәрсені көрген, оқып-тоқыған, келешекке ой жүгірте ұмтылатын талапты жас түлектерім — асар асуларың алда, келешекке самғай ұшударыңды тілеймін.
Ойлаған арман-мақсаттарыңа жетіңдер, қанаттарың талмасын! Заңғардан заңғарға жетіңдер, жастарым.
Басында менің әкем айтып, Жіксал ағамыздың жазғанын өздеріңе жібергем болатынмын, соған қарап оқып танысыңдар. Біраз қателер болуы мүмкін, кешіріммен дүзетіп оқуларыңды тілеймін, ардақты да аяулы менің туыстарым.
Ойлаған ой арман-мақсаттарыңа жетіңдер. Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін, бақыттың базарында, Алланың назарында болыңдар.
Бір Аллам жар болсын баршаңызға, сәлем.
Жазған: Қанағат ұлы Махаббат
Авторы жазған
ҚАНАҒАТ ӘКЕЛІ МАХАББАТ
2026 жылы
Жинақтаған: Радолда Едіге