Негізгі мазмұнға өту
Өлсемде өзім қалсын сөзімҚанағат әкелі Махаббат

Қосымша

Шежіре толықтырулары

286 сөз1 сурет

Қошақ ұрпақтары — толықтыру

Қошақтан: Есендәулет, Тоқдәулет, Қазыбай, Айтбай деп айтады екен.

Ал енді Қазыбайдан: Еламан, Маламан — бұл екеуі Алтайда қалған дейді. Бардыбай, Қиғылық — осы Моңғолияға асып келген деп. Қазыбайдың Қиғылық кенжесі деп те айтады.

Осы жерде мен жақсы түсінбейтін бір жағдай бар. Түлікаман деген бір атаның атын көп естідім. Қазыбайдан туа ма, жоқ әлде немере бала ма — жақсы түсінбеймін. Осы жерде қалайдан-қалай екенін білмедім, шешіп айтатын кісі болмады.

Осыны білетін — Қошақ атаның тарихын жазған ағамыз, Ұланбатыр қаласында тұратын Сайырхан ұлы Нәбидолда ағайдан сұрап білдім. Еламан, Маламан, Түлікаман — бір ағайын дегенді сол ағамыз айтып берді.

Нәбидолда Сайырханұлы

Нәбидолда Сайырханұлы

Құрылыс инженері. 1948 жылы Моңғолия Қобда аймағының Қобда сұмынында туған. 1966 жылы Қазақстанның Жамбыл облысының Жамбыл қаласында құрылыс кәсіптік техникалық училищесін қалаушы мамандығымен бітірген.

1973 жылы Улаанбаатардағы құрылыс техникумының құрылыс техниг, өндіріс үйрету мастер-мұғалімі мамандығымен, 1981 жылы Моңғолияның мемлекеттік университетін құрылыс инженері мамандығымен бітірген. Кейіннен Моңғолияның құрылыс қаражатын жобалаушы, басқарушы дәрежелі маманын игерген.

1989 жылы Кеңестер одағының Москва қаласындағы құрылыс қаражатын жобалау бойынша мамандық жетілдірген.

Құрылыс қалаушысынан еңбек жолын бастап, 1966–1971 жылдары Улаанбаатар қалалық құрылыс трестісінде қалаушы, 1973–1983 жылдары Улаанбаатардағы техникалық көмек көрсету құрылыс трестісінде лимит техниг, құрылыс техниг, өндіріс құрылыс конторында бас инженер, 1983–1993 жылдары құрылыс өндіріс зерттеу ғылыми институтында инженер, зерттеу ғылыми ағалаушы қызметкері, 1993–2008 жылдары Улаанбаатарда құрылыс компанияларында инженер, бас инженер, құрылыс бөлімінің бастығы қатарлы қызметтерін атқарып құрылыс саласында 32 жыл жұмыстаған.

Зейнеткер. Жұмыс табысымен еңбек, мерекелік медалдармен сыйланып, «Моңғолия озат құрылысшысы» атағымен марапатталған.

Абақ Керей тарихына толықтыру

Орта жүздің атақты биі Дана биден туған Уақ-Керей ағайынды екен. Содан Ұлы жүздің қызы Абақты Керей алған дейді. Содан туған Ашамайлы деп атақты ғұлама Ақыт қажы Үлімжі ұлы тарихқа жазған. Кейбіреу Абақ әйел емес еркек деп жүр.

Ұлы атам да айтып отыратын: «Он екі Керей Абағым, он екі Керей Абағым» деп әндетіп отыратын.