Негізгі мазмұнға өту
Өлсемде өзім қалсын сөзімҚанағат әкелі Махаббат

I тарау

I. Кіріспе

20 жол өлең

Сұрасаң арғы тегім Адам ата,Сөзімде кешіріңдер болса қате.Жасымнан оқымаған болдым надан,Екі ауыз сөз жазайын келсе шама.Тараған орта жүзден Керей деген,Өтеді өйтіп-бүйтіп өмір деген.Естіген ұқанымды жазғаным ғой,Көсілген ақын емес сөзге шешен.Жазайын ақ қағазға сөзден кесте,Ажалды еш кім білмес ерте-кешпе.Шамамша білгенімді жазғаным ғой,Кейінгі ұрпақтарым жүрсін есте.Жазайын ақ қағазға сөзден өрнек,Өмірдің тәттісі бар дәмі кермек.Дүние бір қалпында тұрмайды ғой,Жүресің кейде тойып кейде шөлдеп.Жазайын білгенімше біраз кеңес,Мен өзім шежіре емес шешенде емес.Туған мен бір атадан бір анадан,Он саусақ қарасаңыз бірдей емес.