Негізгі мазмұнға өту
Өлсемде өзім қалсын сөзімҚанағат әкелі Махаббат

VI тарау

VI. Радолда ініме арнау (60 жас)

60 жол өлең

Алпыстың келіп жеттің асқарына,Бермесін еш жамандық бастарыңа.Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпей,Кейінгі жолыңды берсін жастарыма.Майка мен бірге жасап бір жастықта,Албаты беріле берме бұл қарттыққа.Ортаңның арқа сүйер тұғыры бол,Бақытты баянды да ғұмыр кешкей бір қалыпта.Бауырым төл мерекең құтты болсын,Әрқашан ден саулығың мықты болсын.Ұрпақтар Алла берген аман жүріп,Өмірде бір-бірі мен жұпты болсын.Алладан тілейтінім ғұмыр берсін,Мерейін жылдан жылға арта берсін.Ауылда көп жасаған Үкең атаң,Сол кісінің тоқсандағы жасын берсін.Екі ауыз қара сөзбен жаздым тілек,Арындап алып қашар даңғыл жүрек.Екі елде жүрсек дағы көңіл бірдей,Ақ көңіл шын ниетпен жүрем тілеп.Баршаңа қолым созып сәлем бердім,Екі апай бауырларым ұлдар менен келіндерім.Жарасып отырыстарың жәйлі болсын,Әулетін Шоқал атам бәрін көрдім.Көз көрген асыл менің туыстарым,Әрқашан араларың суыспасын.Тең болсын төрт құбылаң мәңгілікте,Өркендей өсе берсін тұрмыстарың.

Наран бұлақ мекенім

Ұртсала қыстаушы едім қызыл тасын,Өзіңде өсіп-өнген мал мен басым.Арадан қыл өтпейтін тату-тәтті,Аман жүр қай-қашанда ауылдасым.Көлденең жынсан тақта жатыр сұлап,Кеп қонар қонағына ұлар шулап.Секілді қызыл түлкі дүние жалған,Уақыт тоқтамастан өтер зулап.Жол мойнақ жәйләу жұрт пен шатыр тасым,Жүрген жер көзге елес тау мен тасың.Туған жер топырағың қандай қымбат,Ел-жұртым аман болсын қауымдасым.Жотасы көк тіреген жынсанымның,Иісі мұрын жарар жусаныңның.Жер едің қасиетті қайран мекен,Көрінбес көктегенде жатқан құлын.Мал кетпес өрісіңнен жыл он екі ай,Екі сөз жазған болдым құрай-жамай.Шықпайсың түнде түстен күндіз естен,Сау болсам барар едім әлде талай.Жотаның биігіне шығып алып,Жан-жаққа отырушы ем дүргі салып.Ат мініп малым жайып сау кезімде,Отырам бәрін ойлап ойға батып.Сар мойнақ есік алды Қара төбе,Жүруші ем малым жайып өлеңдете.Алланың мұнысына сансыз шүкір,Не болар ертең күнге пәлен деме.Біраз жыл Наран бұлақ мекендедім,Қиялмен жолды тастап төтеледім.Азырақ мекен жерді еске алып,Өлең ғып қара сөз бен бедерледім.