VII тарау
VII. Қобда сұмын мекенім — Орта су туған жерім
32 жол өлең
Қобда сұмынының 80 жылдығына арналған ән
Мекен деп Сар бұлақтың Орта суын,Атанған бір ауыл боп Қобда сұмын.Келешек ұрпақтардың ордасы бол,Сұмыным құтты болсын сексен жылың.
Қайырмасы
Гүл жайнасын ғұмырың,Берік болсын тұғырың.Бабадан қалған аманат,Өркендей бер сұмыным.
Туған жер неткен ыстық Сар бұлағым,Өзіңде өткен еді жастық шағым.Ер жетіп білім алып тірлік құрған,Бір өзің қасиетті шаңырағым.
Қайырмасы
Қобда сұмын мекенім,Өзіңде туған екемін.Топырағыңа бір аунап,Суыңнан қанып жұтамын.
Бір өзің алтын ұям Қобда сұмын,Өзіңнен туып өскен ұл мен қызың.Қойныңда бәрі жатыр ата-бабам,Арнаған туған жерге ән мен жырым.
Қайырмасы
Гүл жайнасын ғұмырың,Берік болсын тұғырың.Бабадан қалған аманат,Өркендей бер сұмыным.
Ұяңнан түлеп ұшқан балапанбыз,Туған жер алыс жүрсек аңсағанбыз.Алыстан сағыныш пен оралғанда,Мәңгілік қалған сенсің ата-анамыз.
Қайырмасы
Гүл жайнасын ғұмырың,Берік болсын тұғырың.Бабадан қалған аманат,Өркендей бер сұмыным.