Негізгі мазмұнға өту
Өлсемде өзім қалсын сөзімҚанағат әкелі Махаббат

III тарау

III. Ұрпаққа аманат

20 жол өлең

Мендағы оқымағам білім таяз,Баладар білгенімді жаздым біраз.Толықтап ұрпақтарға жазарсыңдар,Осы мен тоқтатайын болсаң ыраз.Құдай бір, құран шын, пайғамбар Хақ,Болсыншы жаратушым құдайым жақ.Ойлаған арманыңа жете бергей,Бір Алладан басқа қуатым жоқ.Үлендер әңгіме айтар малдас құрып,Әр нені жазғаным ғой салғастырып.Бәріңде оқығансың көзі ашық,Жазыңдар ары қарай жалғастырып.Қара сөз жаза алмайын тілім шорқақ,Тарих біле жүрсең бәріңе ортақ.Шамамша білгенімді жазған болдым,Ары қарай жазарсыңдар сендер жалғап.Мен өзім оқымаған білерім аз,Жүрмеген ішпен сыртқа көргенім аз.Көргенім көз ашқалы мал мен жұмыс,Тынымсыз дем алу жоқ қыс пенен жаз.