Негізгі мазмұнға өту
Өлсемде өзім қалсын сөзімҚанағат әкелі Махаббат

II тарау

II. Шежіре: Абақ Керей тегі

432 жол өлең

Адам атадан бастау

Тілеймін қуат бер деп бір Алладан,Құтылған пәнде барма сұм ажалдан.Ғаламды он сегіз мың жаратушы,Туыппыз Адам ата Хауа анадан.Адам зат осылайша туып өскен,Өтіпті талай ғасыр талай белден.Мендағы оқымаған білерім аз,Ұққаным шала-шарпы үлкендерден.Әріптен де терістік жазылады,Білерім аз түбім таяз белгілі арғы жағы.Қолым сыңар шамам солай,Атаңның белгілі ғой шама-қалы.Ақ табан шұбырынды көшкен қазақ,Көріпті қиыншылық талай азап.Сан ғасыр азып-тозып келсе дағы,Сақтаған ата салтын неткен ғажап.Бір кезде қазақ деген көшіп қонған,Білмеген басқа нәрсе сірә бұдан.Көргені көз ашқалы бес-он малы,Санасы еш нәрседен оянбаған.

Абақ Керей

Бертінде Абақ Керей атаныпты,Ішінен он екі ата боп саналыпты.Біреуі он екінің Молқы ата боп,Осылай Молқы руы таралыпты.Он екі Абақ Керей деп айтады,Атаңның сондайлау ғой шама-шарқы.Керейдің әйелі екен Абақ ана,Ғұлама Ақыт қажы деп айтады.Атанған Абақ Керей он екі ата,Айтқан сөз Хақтан өзге бәрі қата.Ұқаным үлкендерден бұрын-соңды,Біреуі он екінің Молқы ата.

Молқы атаның ұрпақтары

Молқының төртеу дейді баладары,Естіген білгенімді жазған болдым.Білмедім шынба өтірік пе кім біледі,Кешірсін Алла өзі арғы жағын.Молқының болған екен төрт баласы,Болыпты Машан деген тұңғыш баласы.Туыпты онан кейін Қайып пен Құл,Қошақ екен кенже баласы.Қошақта алты ұл болған дейді,Дүние тұрсаң ойлап жалған дейді.Аз жалған аз күн өмір алданамыз,Астында қара жердің қалған дейді.Молқының Қошағы екен арғы атам,Қолдасы аруағы ата-бабам.Қатасын кешіре гөр кетсе артық,Жазайын ұғындырып келсе шамам.

Қазыбай — Қиғылық — Тоқпақ

Қошақтың кенжесі екен Қазыбай атам,Сөзімде кешіре гөр болса қатам.Жасымда хат таныдым болар-болмас,Осылай деп айтатын марқұм атам.Кенжесі Қошақ атам Қазыбайды,Жазамын білгенімше біраз жайды.Кенжесі Қиғылық атам екен,Еламан, Маламан, мен Бардыбайды.Бір ата одан кейін Қиғылықты,Шамамша жазайыншы ұғынықты.Бәрі де машық етіп жазбай кетті,Оқыған тоқыған бар талай мықты.Туыпты Қиғылықтан Тоқпақ, Болат,Аман жүр туыс-туған құдай қолдап.Ағайын жұрағатым баладарым,Жолдарың ашық болсын құдай оңдап.Атамыз одан кейін дейді Тоқпақ,Пендеге жол кезігер нелер соқпақ.Артық кем кетіп жатса кешіріңдер,Ұқтырып жазған болдым талдап-талдап.

Нәукебай — Жағыпар — Ясауи

Тоқпақтан туған ата Нәукебай деп,Жан әкем айтып кеткен осылай деп.Әкеден қалдым жастау ескермедім,Өзімше білгенімді жазған болдым осындай деп.

Ескерту: Нәукебай атамыздың шешесі — Бәтия, Тоқпақ атамыздың кемпірі болған (Шерханның кітабынан).

Туыпты Нәукебайдан деп Жағыпар,Тарихқа осылай деп жазылар.Менен гөрі көпті көрген көп оқыған,Базар атадан бек сұраңдар.Жағыпар тілге шешен дінді күткен,Бақ қонып бір басына дәулет біткен.Жерінде Ұланқұстың Ойғыр деген,Бір жұртта төрт баласы мен өткен екен.Туыпты Жағыпардан Ясауи Сәби ата,Азырақ жазған болдым мен тарата.Анықтап сұраңдаршы үлкендерден,Мағат жоқ жазғанымда болса қата.Ұлы атам Ясауи Сәби деген кісі,Ел жұрты қадір тұтқан үлкен-кіші.Мал-жанды бай дәулетті дәуірінде,Жасқа кеп жетпіс алты өткен кісі.Аң аулап аттан түспей қақпан салып,Атпенен қуып жүріп қасқыр соғып.Бір талай сері болған заманында,Кезінде ел басқарған бастық болып.Атамыз жігіт бопты сері пысық,Киіпті жиып жүріп қасқыр ішік.Албаты түкке қарап отырмайтын,Қалды ғой өтетін жыл аттан түсіп.Осы жерге тоқтап біраз аялдайын,Демімді ап біраздан соң баяндайын.Тексеріп бас-аяғы байқап қарап,Ары қарай жолға түсіп аяңдайын.Оқыған көзі ашық баласың ғой,Сендағы назарыңды саласың ғой.Кей жерде сөзден қате кетер мүмкін,Толықтап балам сенде жазасың ғой.

Ясауи ұрпақтары

Бәрінен көп жасаған Үкең шалым,Ерекше сөзге шешен болды жалын.Мысқылшыл әңгімешіл мақалдағыш,Тыңдасаң таусылмайтын сөзі дарын.Жездеміз айтса айтқандай Әділ деген,Сөйлесе қара сөзге аттай желген.Денелі алып күштің иесі еді,Талайды мықты деген жығып жеңген.Ауамыз мәнсабы да биік еді,Айтаса да айтпаса да ел біледі.Қырық жыл Қобда аймақта қызмет істеп,Жауапты қызметіне мықты еді.Кейінгі жас ұрпақтар көрдің бәрің,Ендігі ауылдағы қалған кәрің.Алғашқы ауылымыздан шыққан ұстаз,Ақ көңіл аңқылдаған Базың шалым.Кенжесі ұлы атамның Төңкерісті,Көреміз Алла салған басқа істі.Біреу жас біреу жасап кетіп жатыр,Жаратқан жаратушы құдірет күшті.Шамамша түсіндіріп жазған болдым,Өр-ылди жаттығы бар өмір жолдың.Көргеннен көрмеген көп бұл жалғанда,Қарасаң бірдей емес он саусағың.


Шежіре тізбегі

  • 1. Керей
  • 2. Молқы
  • 3. Қошақ
  • 4. Қазыбай
  • 5. Қиғылық
  • 6. Тоқпақ
  • 7. Нәукебай
  • 8. Жағыпар
  • 9. Ясауи, Сәби
  • 10. Қанағат (менің әкем)

Інісі Еламан, Маламанның соқыр Тоқпақ,Өмірде талай жол бар қиыр соқпақ.Өзінде жоқ айраны көзіне тамған,Айтыпты қыз сонысын мұқат боп.


Көшіп-қону тарихы

Мекеніп Дэлүүнде біраз болған,Тоқтатпай олай-бұлай айдау болған.Кеткен соң бастан билік амал қанша,Бұрында қилы-қилы заман болған.Айдалып Увс-қа да барған екен,Әйтеу бір бұлдыр өткен заман екен.Жан қорғап бас сауғалап әрбір жерде,Ес жиып тоқырап бір қалған екен.Қайтадан кезең асып Қобда келген,Сондағы мекен жері Салбаң екен.Салбаңда өсіп-өніп малмен басы,Тыныстап ырғап-жырғап қалған екен.Мың тоғыз жүз елу үшінші деген жылы,Ауылымыз Дэлүүннен асып келген жылы.Осылай бұл Салбаңды мекен етіп,Мал мен бас қатар өскен ұл мен қызы.Осылай мекендеппіз жетпіс үш жыл,Әр нені ойлап құлазыр көңіл құрғыр.Кетті ғой қайран асыл үлкендерім,Ұшты ғой ойлағанда көзден бұлбұл.Ер жетіп есті жидық Салбаңымай,Жеткізер кімді Алла арманынай.Толықсып отыратын қайран ауылым,Құлазып жұрттарымның қалғанынай.Салбаңда Өркен деген ауыл едік,Екі елде жүрміз бөлек амал нешік.Аман жүр денің сау боп туыс-туған,Жүрейік амандықта көңіл көншіп.Мекендеп Шарғанбұлақ, Қызыл жалын,Бір жерге қыстаушы еді менің ауылым.Күні бүгін көзге елес сол бір заман,Жүруші еді берекемен аға-бауырым.

Әке — Қанағат

Әкеміз қара сөзге шешен болған,Халқына қадірліде сыйлы болған.Белдеуден ат кетпеген күндіз-түні,Қонақтар үзілмейді ойман-қырдан.Орасан қолы шебер ұспар болды,Бес аспап пысықтықпен алғыр болды.Мал бағып аңшылығы тағы да бар,Сауда істеп дәрігерлігі тағы болды.

Шоқал атам

Інісі бірге туған Шоқал атам болды мерген,Өмір ай өте шықтау аттай желген.Ерекше мергендігі елден ерек,Марқұмды үлгі етеді көзі көрген.Ақ көңіл кісі еді аңқылдаған,Үлкен-кіші бәріне жалпылдаған.Өзі сері ат құмар қолы шебер,Есілдерті дүзу мылтықпен аң аулаған.Арманы жақсы ат мініп аң ауласа,Мінген ат еркін шауып танауласа.Ерекше салымы бар аң дегенде,Оғы жерде қалмаған көздеп атса.Ерекше түспесі бар күрестің,Кісі мен қоян қолтық тіресетін.Шапшаң қимыл әдемі әдісі бар,Іштей кіріп қарсыласын құлататын.

Ақ тал — туған мекен

Талай жыл мекен болған Ақ талымай,Бес түлік толып жатқан қапталыңдай.Өзің де ұлы атам әке-шешем ізі қалған,Мәңгілік ұмытылмайтын мақтаным ай.Моңғұлша аты екен Цагаанбургас,Салбаң, Қолбаң, Шарғанбұлақ болған қоныс.Қатарлас ел мен бірге тірлік істеп,Осылай ауыл болды барлық туыс.Медет бер жаратушы бір Құдайым,Жазайын келсе шамам жердің жәйін.Бір кезде толықсыған қайран елім,Мекендеп жүруші еді Ақ талсайын.Ақ талды өрлей қалсаң екі көше,Еліміз азайды ғой көше-көше.Иесіз жер болмайды деген сөз бар,Ұрпақтар ие болар туып өсе.Ақ талым қасиетті құтты мекен,Өзіңде ата әкем шешем өткен екен.Өзіңнен талай қыран самғап ұшып,Кір жуып кіндік кесіп өскен мекен.Мәңгілік қар кетпейтін ақ тауларың,Секілді ақ сақалды аталарым.Ананың ақ сүтіндей сезінеді,Мөлдір су сарқыраған бастауларың.Басыңнан өткен екен талай ғасыр,Туыпты талай асыл талай батыр.Атадан мұра болып ұрпақтарға,Жалғасып жылдан жылға келе жатыр.Бірі ой бір жағы қыр бұлжым Салбаң,Мекендеп туған елім сайран салған.Құт мекен шөбің шүйгін суың тұнық,Тау тасың неше түрлі аңға толған.Төрт мезгіл мекен деген біздің халық,Көрмеген тоны тозып аты арып.Өркендеп өнер қуған жас ұландар,Қол созып келешекке үміт артып.Зор бақыт табыс күтем жастарымнан,Еш уақ бөлінбей жүр достарыңнан.Мызғымас берекелі ел болыңдар,Мәңгілік бақ кетпесін бастарыңнан.

Салбаң жер сипаты

Шоқа мен Үхэр чулуу Ақ жарымай,Қызыл тас бітеу қорым жан жағыңай.Жолсыздан жол шығарып көлік ұстап,Халқымыз көшіп-қонған бір қажымай.Кең жайлау өргі жағы Екін деген,Жайлаған моңғол-қазақ еркі менен.Келгенде ел жайлауға мал өріске,Көрінер көзге жылы көркі менен.Жол шығар Доордаваадан қаптал бұраң,Салбаңның суы тұнық шөбі раң.Асып кеп Дэлүүннен бір неше ауыл,Салбаңды неше жылдай мекен қылған.Құдық сай мара менен қыстау сәрі,Тебіндеп жайылады малдың бәрі.Қысы-жаз мал кетпейді өрісінен,Тазығыр болған менен шөбі дәрі.Қапталдап жол асады Ақтаспенен,Өр жағы Шарғанбұлақ жалғас мекен.Үйренген өзімізге білінбейді,Көрмегендер қиын жер тау тас деген.Тұмсық жұрт Улаан салаа Асқын хамар,Асып кеп мекен деген біздің ауыл.Шалқайған сары төскей өрісі кең,Бұныңда шөбі шүйгін жері сауыр.Көк мойнақ аса қалсаң жайлау Қолбаң,Ащылы жағалауы көлі сортаң.Ел менен сәні келер жердіңдағы,Жағалай жайлауына ауыл қонған.Жайлауға ауыл қонар шағаладай,Тай мініп асыр салған бала-шағай.Ел келер бір айланып жыл құсындай,Ащыдан мал кетпейді ала жаздай.Индэрт көлденеңдеп Қолбаң басы,Көрінбес көктегенде жердің тасы.Біраз күн майсаңында сайран салған,Жайлаудың осындай бір тамашасы.Қара тас аса қалсаң Түвшинбұлақ,Жалғасып Ар бұлақ пен жатыр сұлап.Қой жайып дем аласың бұған келсең,Жайқалған балауса мен жасыл құрақ.Асқыты Ақ өткел мен Төбе жұртым,Ат мініп мылтық асып аңдар қудым.Көзіме жас шағым елестейсің,Қайран кез зар болдым ғой әттең шіркін.Асқыты екі ақ науа Орылғымай,Білместер жол таппайтын қорымың ай.Көз тоймас қарап тұрсаң көркіңе де,Табиғат жаратылыс порымың ай.Жайлауым екі тепсең Нұрғыным айтып,Сұлудың көз тарталық бұрымындай.Сен дағы иен қалып бара жатсың,Ел келіп жайламайды бұрынғыдай.Сөңгіті үй тас пенен Шілі қуыс,Ел қалдық көше-көше бірақ уыс.Бір кезде рулы елдей ауыл едік,Кетті ғой Қазақстан біраз туыс.Сар даваа Алла тас пен үңгір қора,Қайран ел отыратын Салбаң тола.Сен кет деп ешкім оны қуған емес,Қалғанға бір Алла өзі болсын пана.Белшір дейді екі судың құйған жері,Әр кімнің өзіне ыстық туған жері.Ер жетіп есті жидық бала күннен,Бақыт пен байлықтың тұнған жері.Кең қолтық Шұңқыр жұртпен Талдың мойны,Жағалай үйдің жұрты Салбаң бойы.Қолында онды-бесті мал тұрғанда,Білінбес ден сау болса ашпен тоғы.Шірік жұрт Үлкен түргін Насан хамар,Мал үшін келіп жайлар барлық ауыл.Салқын жон иен жайлау кең өрісте,Суы бал бес түлікке шөбі асыл.Кең жайлау салқын төскей Салбаң басы,Ұсты мен құлжа мүйіз сулы ашасы.Елге ел-жұрт етек-жеңге қосылғандай,Жайлауда қыдырысқан кәрі-жасы.Сар науа Жасыл көл мен жеке дара,Ойнаған шыңдарында аңды қара.Асырсап тай-құлыны үйір-үйір жылқы жатыр,Кең өріс көз жетпейтін иен дала.Шыңдары ақ көлімнің көк тіреген,Көлдері айнадай боп мөлдіреген.Тұрымтай өз тұсында деген сөз бар,Білінбей өтіп жатыр өмір деген.Кең жазық ата шаптырым Арқар жайлау,Тас төбе қиыс төмен жылы қойнау.Бір кезде толықсыған қайран елім,Ел кетіп жайлауларым иен қалды ау.Мекені аруақтардың Кіші түгін,Ойласаң өте шығар мына бір күн.Аз ауыл бір кісінің баласындай,Кетпеген берекесі күні бүгін.Жалғасқан Ұлан сала Қарзан даваа,Желілес аяқ жағы Саған даваа.Аз өмір ден саулықта қу дүние,Ажалдан өлмей сірә қалған барма.Көкірге ұлы күңгей Салбаң оғы,Аз ауыл шаппа алатын жиған торы.Бір дәуір осылайша кете бардың,Ел жаңа елу жылда деген осы.Су өтіп Қара даваа Дээр мөрдэхпен,Дәм бұйрық кей бір ауыл көшіп кеткен.Мисалы ертегісі бұрынғының,Өмірді еске алсаңыз өтіп кеткен.Құлдасаң Ұлан жапсар Таңбалы тас,Жасымнан бұл мекенге болдым сырлас.Өткенді ойлаған мен амал қанша,Айланып қайран дәурен мойын бұрмас.Жалтыр тас Ұлан боқшы Элэсті мен,Туған жер қандай жақсы өрісі кең.Жүрсеңде қанша алыс мекеніңнен,Ұмытылмас өле-өлгенше бұл есіңнен.Өскен жер Мұқыр бұлақ Ноғон хамар,Азырақ аттан түсіп қылдым сабыр.Ой туып ой соңынан күрсінемін,Отырған әке-шешем жұрты жатыр.Тия алмай көп жыладым көздің жасын,Өтіпті ау бұл мекенде бала жасым.Әкем мен шешемнің жүрген жері,Әкемнің ат байлайтын көріп тасын.Арт жағы Ұлан сала қос қонғаным,Мәңгілік әкем-шешем хош болғаның.Көз алды дүниені қысқа ойлаймыз,Аңырап жүрген жерің бос қалғаның.Урт бұлақ өз алдына жеке дара,Сар бэлчір Ұзын күңгей Алтын шора.Төрт мезгіл тұяқ кетпес жәйлі қоныс,Мал жатар өрісінде қора-қора.Бұрғысты шазың менен жатыр сұлап,Шыңнан мал жүргенде тасы құлап.Біреу кетсе біреу кеп мекендейді,Мәңгі бақи бұл өмір болмас тұрақ.Қайқайып сары төскей жатыр жынсан,Желілес Наран бұлақ мойын бұрсаң.Секілді Кремлдің көшесіндей,Сан жетпес қалың шоқы қарап тұрсаң.Артқы сай орта сай мен алдыңғы сай,Қиын жер бөліп алмай қойыңды жай.Үйренген өзімізге бәрі жаттық,Секілді он саусақтың саласындай.Неше ауыл мекен дейміз мұны дағы,Әр кімге үйренген жер Мысыр шәрі.Бір жағы ой бір жағы жон байқасаңыз,Мал кетпес өрісінен қысы-жазы.Күңгей бет Хамар даваа Хэсті менен,Нелер бар ел ішінде естімеген.Жусанды қарағанды ұлы күңгей,Қыстайды бір неше ауыл ешкі менен.Хондолой Баян қара Тэрэм хады,Шөбінің жұғымы аздау сілбі-сары.Үйренген мекеніміз деген менен,Мал бағып тірлік еткен жаның бәрі.Осылай мекен деген біздің халық,Хасхөндей Өвөлзөң мен Өртөө құдық.Таусылмас жер аттары атаған мен,Қоныстап төрт мезгілде біздің халық.Азырақ жер аттарын баяндадым,Болмаса желісім жоқ аяңдадым.Кейінгі бала-шаға оқып жүрсін,Ойдағы орындалсын армандарың.Қиысы жоқ қара сөздер жазған болдым,Менің де білерім аз таяз ойым.Өмірден армансыз боп кетер едім,Қайтейін зар болдым ғой қайран қолым.Күнімді әр кімдерге салғанымай,Қаңғырып жас ортада қалғанымай.Денің сау бас аман да бәрі болат,Іштегі кімге айтамын арманымды ай.Осы мен тоқталайын жаза бермей,Өлмейсің бір Алладан ажал келмей.Алланың берген маған сынағы ғой,Бір Аллам жаратушым қуат бергей.

Туған жерге ән

Ақ көлге жайлаушы едік көшіп барып,Байлаушы ек асау құлын желі тартып.Жасымда көргенімді айтқаным ғой,Кейінгі бала-шаға жүрсін айтып.Біздің үй қыстаушы еді Тұйық бұлақ,Моңғұлша аты оның Мұқыр бұлақ.Жастық шақ өтті сенде бал дәуренім,Қайран жер сағынамын қалдың жырақ.Қайран кез атқа мініп мал жайғаным,Иен жер шарықтата ән салғаным.Артымда екі ауыз сөзім қалсын,Осылай туған жерге ән арнадым.Он алты он жетіде кездерім ай,Өз заңымша жігіт боп өзгердім ай.Ұлы ата апаларым үлкен аға әпекелер,Солардан нешеу қалды көз көрген ай.Қыстадық бәлен жылдай Мұқыр бұлақ,Туыстар жүрсің алыс бізден жырақ.Сөзімде қате кетсе кешіріңдер,Өзімше жазған болдым сөзді құрап.

Салбаң тарихы

Сұрасаң сыры ұзақ Салбаң сайым,Жазайын келсе шамам жердің жәйін.Асып кеп бірлеп-бірлеп азғана ауыл,Тұрақтап мекен еткен Салбаң сайын.Салбаңда моңғол ауыл болған дейді,Халқы бай малды-жанды болған дейді.Қазақтар келгеннен соң қоныстарын,Соларға тастап кетіп қалған дейді.Орнапты одан кейін социализм,Қорасы малға толып әрбір үйдің.Теңеліп бай мен кедей бірлестік боп,Халықтың жақсартпақ боп көңіл-күйін.