Негізгі мазмұнға өту
Өлсемде өзім қалсын сөзімҚанағат әкелі Махаббат

Кіріспе бөлім

Сөз басы

4 жол өлең251 сөз2 сурет

Ассаламағалейкүм, оқырман қауым.

Азда болса естіп білгенімді ортаңа жазып отырған жәйім бар. Артық-кемін кешіріңіздер, менде де елден ерекше оқымысты емеспін, жәй бір қарапайым адаммын.

Келер ұрпақтар оқып біле жүрер деген оймен жазған болдым. Ұлы ата болып әке, жәнеде ұлы тұлға — көпті көрген, естігені бар қариялардан естіп білгенімді ортаңа жазып отырғаным ғой. Мыңның түсін танығанша бірдің атын біл демей ме атам қазақ.

Қазақ ішінде талай-талай шежірелер бар, бәрін оқыдым деп отырғам жоқ. Менің қолыма ондай үлкен-үлкен роман, кітап, құрал түспеді. Оның бер жағында қырдың қара шаруашылығында албаты бекер уақыт жоқ.

Әрине бұны жазып отырған себебім — адам адамның өзінің білімге деген ынта-зейіні болады, ой-армандары болады. Мен өз басым оқымадым, тіршілік жағдайдан боп мал бағып, ерте оқудан қол үзіп кеттім.

Сонда айтпағым — білім деген бұл өмірде табылмас қазына, білім деген инемен құдық қазғанмен тең. Ақын Абайдың бір ауыз өлеңінен белгілі ғой:

«Жасымда ғалым бар деп ескермедім,Пайдасын біле тұра тексермедім.Түспеді ер жеткен соң уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім.»

Дегенінен анық көрініп тұр ғой.

Әрине айтпағым мына әңгіме емес. Қазақ туралы, соның ішінде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп үш жүзге бөлінеді екен. Соның ішінде 12 Керей — Орта жүз боп келеді екен. Соның ішінде Молқы руы туралы аздап естіп білгенімді жазбақ ойда бар. Мүмкін артығы болса өшіріп, кемі болса толтырып, түсініп оқуларыңызды тілеймін, оқырман қауым.


Тек-тұқым тізбегі

Ұлтым — Қазақ. Жүзім — Орта. Тайпам — Абақ Керей. Руым — Молқы. Тегім — Қошақ. Ұраным — Машан.

Керейдің жалғыз ұлы Тілеубердіден — Жабай, одан Молқы туған. Молқыдан — Қожанқұл, одан Тағанақ, одан Беген мен Арық туады. Бешеннен — Қайып, Құл туады. Арықтан — Машан, Қошақ, Малқара, Сопы (Отау) туған дейді.


Қошақ Арықұлы (Молқы)

Қошақ Арықұлы — тарихи сурет
Қошақ Арықұлы (Молқы) — жобалап бейнеленген сурет

Ескерту: Екінші сурет заманауи технология арқылы жобалап бейнеленген.