IV тарау
IV. Өмір толғаулары
120 жол өлең
Сәлемдеме
Ассалаумағалейкүм, туыс-туған, халың қалай,Аман ба ауыл-аймақ бала-шағай?Тек қана телефон мен хабарласқан,Алыс жер жатырмыз ғой ауыл шалғай.Сөзімді мен жазамын құрай-жамай,Жүрер ем екі ортада болса шамай.Жастарым аман болсын келешекте,Асудан асасыңдар әлде талай.
Жастық пен білім туралы
Келесемде жетпіскеде баладаймын,Ұзаққа надандықтан бара алмадым.Оқыдың жаста болсаң Едіге балам,Әр елдің дәмін татып араладың.Ден сауда білім іздеп өнер үйрен,Жығарсың алыптыда білімің мен.Ғылымның түбі терең теңізденде,Самғап ұш ақ иықтай алып қыран.Болмаса оқымадым сегіз жылдық,Уақыт тоқтамайды өтер жылжып.Білегі жуан бірді жығар, білімі жуан мыңды жығар,Үлкендер түк көрмеген қараңғылық.Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын біле тұра тексермедім.Түспеді ер жеткен соң уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім.Өкініп ақын Абай жазған екен,Оныңда ойындағы арманы екен.Бұрынғы қуғын-сүргін қиыр заман,Қол жетпей қапияда қалған екен.
Өткен заманның қиындығы
Үлкендер не көрмеді сұр заманда,Кимеген бүтін киім тар заманда.Болмаса қарын тойып ішер ас жоқ,Көз сүзіп жоқшылықтан болды арман да.
Өмір мен тағдыр толғауы
Өзімше білгенімді жаздым балам,Жаратқан қолдап жүрсін Хақ Тағалам.Келседе жүзге жасың неге керек,Ойласаң бұл дүние бәрі жалған.Азғана ұққанымды жазған болдым,Өмірдің иір-қиыр жолын көрдім.Аллаға сан мәртебе шүкіршілік,Өзімше әжеп-тәуір шалда болдым.Иекте сақал тұрғой мұртымда жоқ,Заманым бейбіт болсын уайым жоқ.Өлмесе бұрығының бәрі қайда,Кеп жетім жетпіскеде арман да жоқ.Ұрпақтар арттан ерген болсын аман,Біреуге ерте біреуге кеш мына заман.Ауызға не келсе де соны айтып,Бұйрықсыз біз сөйлейміз бір Алладан.Қиялдың құла керін міндім ерттеп,Арындап алып қашар қыза терлеп.Келмейді екі айланып шіркін жастық,Қалыңдар ден саулықта құлаш сермеп.Көк дөнен жүйрік емес көңіл жүйрік,Созған мен қолың жетпес арман биік.Береке үзілмесін арамыздан,Бере жүр сәлеміңді басыңды иіп.
Сабыр мен сынақ
Әр нені ойлап-ойлап қиялдаймын,Қиялдың биігіне шыға алмаймын.Қу кеуде зығырданың қыж-қыж қайнайды,Орнымнан үш ұмтылып тұра алмаймын.Барады қалым кетіп жылдан жылға,Сұм бейнет жоғалмастай салды сырға.Алланың мұысына сансыз шүкір,Сынағын береді екен сүйген құлға.Он бір жыл мен келемін бейнет көріп,Бір Аллам жар боп отыр ырзық беріп.Жан бергенге дән берген деген осы,Отырмын жаратушым қуат беріп.Дүние бір қисық жол бұраңдаған,Бақ қайтса басқа дәулет құралмаған.Күніне мың бір пәле көрсеңдағы,Күдерді үзе көрме бір Алладан.Бейнетпен қол-аяққа салды шідер,Басына түспеген жан қайдан білер.Осылай күнім өтіп келем ептеп,Қал нашар мен бейбақта бұны үзер.Қайран кез көзден бұлбұл ұшты бүгін,Көтердім бұл бейнеттің ауыр жүгін.Бұйрықсыз бір Алладан сөйлеп бекер,Қарашы дәм дегеннің күштілігін.Әр сөздің жаздым хатқа басын құрап,Бұл жалған ойлағанда кімге тұрақ.Алланың өлшеп берген ғұмырында,Жүрейік хабарласып амандық сұрап.Уақыт тоқтамастан аттай желер,Адамға бақ-дәулетті Алла берер.Үмітсіз шайтан ісі деген сөз бар,Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер.
Туған жер — Салбаң
Тәуекел дариға салдым кеме,Кем есіз дариядан өтем деме.Көргенің өз көзің мен бәрі шындық,Құлақ пен естігенге пәлен деме.Жасыл көл, ақ көл менен Қолбаң көзім,Бұлдырап көз жетпейтін қоңыр белім.Елімнің мал мен бас қатар өсіп,Саяңда толқып жатқан менің елім.Кең жайлау салқын төскей Салбаң басы,Тұнық су сарқыраған таза ауасы.Төріне түрлі кілем төсегендей,Жайлаудың бұған жетпес тамашасы.Жондары Салбаңымның мұнарланған,Шың құзы мәңгі қар мен тұмарланған.Жастарым қыран құстай қанат қағып,Қол созып келешекке қуған арман.
Жастық пен арман
Жігіт едім бір күнде сайлаудағы,Жапырылмас шалғындай жайлаудағы.Қайран күнді ойласаң бекер жалған,Көңілге түсер қаяу қай қайдағы.Жігіт едім бір күнде ойнап жүрген,Бес түлікті қаптатып айдап жүрген.Қолда барда алтынның қадірі жоқ,Арманға жете алмадым ойлап жүрген.Ердің ері келеді екі елуге,Сары табан ат жақсы зар желуге.Араласып бір жүрген туыс-туған,Зар боп жүрмін жүздерін бір көруге.Құдайым әуел баста қолымды алдың,Сау күнім елес болып есте қалдың.Болмаса қолым болса арманым жоқ,Әр кімге жапақтатып күнім салдың.