V тарау
V. Әкеме арнау
124 жол өлең
Ескерту: 1975 жылы 5-айдың 25-інде әскерге аттанғанмын. Әскерде жүргенде әкем 1976 жылы 12-айдың 9-күні өмірден өтіп, 10-күні мәңгілік мекеніне қойған едік. Сонда әкеме арнап жазған едім.
Сөз жаздым әкеме арнап бір азғана,Карандаш қағазымды қолыма ала.Аз жалған аз күн өмір алданамыз,Кім жолдас болар дейсің сұм жалғанға.Жаңадан жігіт болып толған кезде,Он жеті қадам бастық он сегізге.Үш жылдық борышы бар ер жігіттің,Кезегі сол борыштың келді бізге.Сапарға ыңғайландым кетуіме,Борышты басқа түскен өтеуіме.Кәрі әке ауру шеше артта қалған,Тапсырдым бір Құдайға екеуінде.Сапарға аттанбаққа үйден шықтым,Ақылын әке-шешем бәрін ұқтым.Ата-ана артта қалған туыстарды,Қиялмай босады ғой көңіл шіркін.Көк аттың қамшы салдым сауырына,Қоштастым шеше, жеңге, бауырыма.Шыққанда Дээрмөргінің мойнағына,Жалтаңдай қарай бердім ауылыма.Мойнаққа айыл тартық аттан түсіп,Жыладық әке-бала құшақта сып.Айрылдық жылай-жылай әрең зорға,Көргенше хош болғай деп қол ұстасып.Кәмеске бәрімізді алып кірді,Киімді бірін қоймай шешіндірді.Жағалай ақ қалатты дәрігерлер,Тұла бой ден саулықтың бәрін көрді.Деп сау боп кәмесіне тарып кеттім,Сұмынға кешке жақын қайтып келдім.Қиялмай қайта айланып келген әкем,Әкемнің байлаудағы атын көрдім.Үйіне Құның ағай келіп қондық,Қу туыс силап жатыр қойын сойып.Таңертең хош айтысып үйге қайтты,Көзінің қарғамай деп жасын төгіп.Соны мен алыс жолға сапар тарттық,Алты күн машина мен шапқыладық.Тоқтаусыз ыстық күнде сар далада,Сарғайып қаңсып шөлдеп біз шаршадық.Қамады карантинге қырық бес қонақ,Мал құсап жүріп жүрдік қойған қамап.Барғалы жыл жарымдай уақыт болды,Қуанып қалған күні жүрдім санап.Екі хат қатар алдым кешке жақын,Жер-көкке симай кетті ау қуанышым.Отыра хатты оқып қайғы ойлап,Көре алмай қалам ба деп күйді ішім.Жазыпты ауыруын уайымдап,Атырдым сол бір таңды шала ұйықтап.Ұрықсат сұраған мен бермес маған,Жүремін бір көрсем деп мен армандап.Жатырмын төсегімде ұзақ ойда,Ауыру ас жүрмейтін болған пайда.Бір көрсем шіркін әттең арманым жоқ,Бірақта көре тұғын заман қайда.Әңгіден бір күн мені шақырыпты,Жүрегім аттай тулап алып ұшты.Ямнан ұрықсат келген он бес күнге,Мұндайда күтпеп едім жақсылықты.
Әңгі — Эрдэнэт қаласындағы 110-әскери бөлімше. Яам — Қорғаныс министрлігі, 15 күнге рұқсат берген.
Қуанып ұрықсат алып жолға шықтым,Қалаға Эрдэнэттен ерте ұштым.Қалада сабақта жүр Шерік ағай,Ағайды іздеп жүріп амандастым.Қаладан Қобда аймаққа тағы да ұштым,Құдайым оңғарсын деп жолға түстім.Туған ел туған жерге келсем дағы,Боларын кім біледі қандай істің.Түс ауа Қобда аймаққа келіп түстім,Құлазып бір болмайды көңіл шіркін.Көкеме кез боп қалдым әлгі арада,Ісіне сек кетірме құдірет күштің.Жыладық аға-бауыр сол арада,Ісіне Алла салған барма шара.Әкенің қалы аздау деген менде,Кеткендей тосып жатыр сені ғана.Сол жерде көп кідіріп аялдамай,Көлігін алып келді Басай ағай.Бәріміз бірге отырып сол көлікпен,Аймақтан кешке шықтық бері қарай.Сұмынға келіп қондық сол күні біз,Таңертең ерте жолға аттанбақпыз.Ауылға Бақыт кетті шұйішілеп,Ауылға кешке таман таяғанбыз.Шеше, жеңге, бауырым жүгіріп шықты алдымнан,Сағыныш пен қарсы алып түсіріп алды атымнан.Қу шешем жатыр құшақтап кезектеп сүйіп бетімнен,Зарығып аңсап сағынған.Сәлем бердім үйге кеп ауру болған атамай,Қалған екен бек жүдеп аурудың батқан ай.Қозғалды тұрып орнынан,Көп болыпты тұрмай жатқан ай.Көрсетті Алла сені деп,Қуантты Алла мені деп.Көз жасын көл ғып жылады,Құшақтап сүйіп еңіреп.Қасында болдым бір айдай,Қу әкемді қиялмай.Не қылса да өз еркі,Жаратушы бір Алла ай.Ішіп-жеген адамға,Қызық екен жалғанда.Ішіп кеткен армансыз,Ішпей кеткен арманда.Ренжідің жалғанға,Іше алмадың арманда.Иман берсін Құдайым,О дүниеге барғанда.Қарындаш қолда қағазымды,Арман етіп жазамын.Келмеске кеттің атамай,Қайдан іздеп табамын.Мекенің болды ау қу түргін,Арман етіп мен жүрмін.Пайдасы жоқ қу дүние,Іше алмадың бір жұтым.Дәм бітті өмір өтті жалғыз сағат,Сапарға жолға түстім қайта бармақ.Қу әкем көкейімнен бір кетпейді,Жазған ғой сағынған соң сөз бен сарнап.
Бұл жырды 1977 жылы әскерде жүріп, әкесін сағынып жазған.
Қатасын кешіріңдер жамағатым,Әкемді сағынғанда жазған хатым.Қиссыз екі-үш ауыз қара сөзді,Армандап жаза салған Махабаттың.