Қосымша
Отбасы суреттері мен арнаулар
92 жол өлең7 сурет
Қайран менің әке-шешем
Әке-шешем кеттің озып өмірден,Кетсеңде өтіп өмірден кетпейсің мәңгі көңілден.Елестеп жарқын жүздерің,Көз алдымда тұрғандай боп мәңгі тірі сезінем,Шықпайсың әр кез есімнен.Артық кетсем кешірген,Қанаттыға қақтырмай адам бол деп,Тәрбиелеп мәпелеп бағып өсірген.Бір Аллам ата-анама берсін иман,Әр кімнен де қаларсың дүние қоқ теріп жиған.Ұрпағың артта қалған өсіп-өніп,Алланың қуатында жүрміз есен аман.Өмірдің заңы солай біреу кетіп біреу келер,Жан пәнде басқа салса нелер көрер.Дүниенің баяны жоқ қызыл түлкі,Ғаламды он сегіз мың жаратқан Алла шебер.Өмірден менде кетем ол да кетер,Ойласаң шолақ жалған бәрі бекер.Жалған өмірге кім келмейді кім кетпейді,Уақыт тоқтамастан аттай желер.Өстіп жүріп уақыт өтер күн-түн демей,Бітіп жатқан ісің жоқ қалар бітпей.Күйбің тірлік тағы да таң атады,Мұрынға су жетпестен шама келмей.Жалған дүние қызықтырар көзіңді алдап,Білдірместен сұм ажал салар қармақ.Шыбын жанға тигізер пайда жоқ,Қу дүние қаларсың жиған-тырнап.Айтқан сөз Хақтан өзге бәрі қата,Жан жарың бала-шағаң қалар артта.Бір Аллам берсін иман ол жалғанда,Тек қана әкетерің екі кез мата.
Марқұм ағам мен жеңгем
Әке орнына әкемдей болған ағам,Бауырларың өзіңді паналаған.Көкем-көкем деуші едік ауыл болып,Қолда барын біздерден аямаған.Қамқоршы едің жан аға біздер үшін,Қадірлеуші ек ағажан үлкен-кішім.Болмағанды барушы ек сізден сұрап,Көз алдымнан кетпейді өңмен түсің.Еркелеткен кенжем деп асыл жеңгем,Өте шықтың өмір ай аттай желген.Кеше ғана секілді қусаушы еді,Басқа келмей өмірді кімдер білген.Бір Алладан тілерім иман берсін,Өткеннен соң өмірді өкінерсің.Өлгенімше ұмытпаймын аға-жеңгем,Пайғамбарым ақ туының астында кезіктірсін.
Молқы руы мен өмір толғауы
Руым он екі Керей ішінде болам Молқы деген,Біреуі төрт Молқының Қошағы екем.Естіген құлақта жазық жоқ деп,Кенжесі деп Қошақты айтады екен.Тараған сол Молқыдан төрт ұл дейді,Сөзімді жазғаным ғой тарих жәйлі.Бұрынғы ескі көздер өтті өмірден,Мән беріп келер ұрпақ қарамайды.Бұл өмірден менде кетем келсе бұйрық,Ұрпағым аман жүрсін жал мен құйрық.Түгел жүрмес түгесіліп қалмас деген дейін,Уақыт бір қалыппен өтер жылжып.Ұшады қыран бүркіт аспан менен,Мезгілсіз таң атпайды сасқан менен.Алланың бұйрығынан құтылмайсың,Ажалдан басыңды ала қашқан менен.Өлшеп берген өмір бар жан пәндеге,Артық кетіп жүрмейік болар-болмас әр нәрсеге.Байбалам нан түк шықпас,Сабырлықпен қарайық бәрінеде.
Жағыпар ұлы Ясауи Сәби
1898 жылы туған — 1974 жылы бақи болған.
Ұлы атам апамыздың көрдім көзін,Естідім өз аузынан айтқан сөзін.Иіскетіп екеуіне маңдайымнан,Қолынан апамыздың таттым дәмін.Бір Аллам өткендерге иман берсін,Кейінгі ұрпағына ғұмыр берсін.Мал-жанды бақ-дәулеті болған еді,Ұлы атам бақ-дәулетін бізге берсін.
Екі елде тірлік еткен туыстарым
Екі елде тірлік еткен туыстарым.Қаламын көңілденіп кең дем алып тыныстарым.Бас қосып бір дастарқанда кез боп қалдық.Ілгері алда болсын жұмыстарың.
Ағайын бұл отырыс екі келмес.Қалармыз кейінгіге болып елес.Алланың бұнысына сансыз шүкір.Осылай отырған ек деп ұрпақтар айтар кеңес.
Бұл өмір мәңгі тұрмас қалыбында.Айтпай ақ түсінесің барлығыңда.Бүгін бар да ертең жоқ пәни жалған.Қанша дөкей болсаңда алланың кім көнбейді жарлығына.
Жібердім тілеу тойдан бір естелік.Ден сауда бас аман да не деспедік.Ағайынның азары болсада безері жоқ.Туыстар өкпе аразды кешірейік.