Әңгіме
Әңгімелер
205 сөз
Абақ әңгімесі
Ұлы атам «Он екі Керей Абағым, үй артында қабағым» деп әндетіп отыратын.
Әлқиса, Керей қайтыс болғаннан кейін, қайын ағасы Уақ батыр келініне кісі салып көңілін білдіреді екен. Абақ «Енді мен кісіге бармаймын» деп келген кісіні қайтарып жібереді. Уақтың келінінен көңілі қалады.
Абақ малды болған, жаз айында сиырларына бұқа керек болып, қайын ағасының ауылынан бір бұқа айдап кел деп кісі жіберіпті. Бұқаны айдап бара жатқан жігітке «Бұқаны не қыласың?» депті. Сонда Уақ айтқан екен: «Бұқамды бермеймін. Келінім мені менсінбегенде, бұқам керек болды ма?» — деп бұқасын бермей алып қалады.
Абақ қайын ағасына өкпелеп, «Бар сенген қайын ағам сен болсаң» деп, төркіні Үйсінге көшіп кеткен екен.
Абақ елден ерекше ақылды кісі екен. Өте сұлу, зиянды, атына заты сай дегендей. Сол елде бала оқытатын молла бар екен, сол моллаға барып шариғат туралы біраз кеңес сұраған екен.
Сол жерде молла айтыпты: «Шын шариғат жолында әйел халал емес, ерге бармай» депті. Мұны естіген Абаққа қорқу пайда болды. «Тәуба!» деп қорыққаннан зәресі ұшты.
«Күйеуге тимеген әйелдің қолынан ас ішпейді» дегенде, Абақ «Олай болса мені алыңыз!» деп жабыса кетеді. Молла: «Сізді алуға болмайды, бұл жерде мені қинамаңыз. Менің рұқсат сұрайтын ұстазым бар» депті.
Ұстазына болған жайды баяндайды. Ол да үлкен оқымысты кісі екен. Молла кітап ашып: «Ол әйелді алмасаң болмайды, қарызы сенде қалады» деп рұқсатын берген екен.
Молланың аты Нәзір деген. Некелесіп қосылыпты мыс.
Нәзірден бір ұлды болған, атын Қарақожа деп айтады. Айта берсе тарих кете береді, осылай тоқтатуды жөн көрдім.
Әңгімелер (қосымша — толтырылатын)
Кейін қосылатын әңгімелер. Стилі жоғарыдағы «Абақ әңгімесі» үлгісінде:
қара сөзбен, ауызекі баяндау, аңыз-әңгіме ыңғайында жазылады.
Қашқын Мұрат
Бұл бөлім дайындалуда
Автор мәтінді кейін қосады.
Мансап қуған Үйісбек
Бұл бөлім дайындалуда
Автор мәтінді кейін қосады.